14.11.2011
Қазатомөнеркәсібі Кембридж университетіне қаржылай көмек көрсетеді

Қазатомөнеркәсібі Кембридж университетіне қаржылай көмек көрсетеді

«Қазатомөнеркәсібі» Ұлттық атом компаниясы АҚ, Қазақстанның Кембридж даму қоры (ҚКДҚ) және Ұлыбританияның Кембридж университетінің Физика департаменті (Кавендиша зертханасы) арасындағы Ниеттестік туралы декларацияға қол қойылды.

Құжатқа қол қою рәсімі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ делагациясының Кембридж университетіне жасаған сапары кезінде өтті.
Ниеттестік декларациясына сәйкес Қазатомөнеркәсіп физика және химия саласындағы бірлескен зерттеу жобаларын жүргізу үшін ҚКДҚ мен Кавендиша зертханасына қаржылай қолдау көрсететін болады.

Сондай-ақ, 10 қараша күні Қазақстан-Британ экономикалық форумы аясында аталмыш салаға қатысты тақырыптық пікірсайыс ұйымдастырылды. Ал, Дөңгелек үстел басында өткен арнайы кездесу энергетика және балама қуат көздерін дамыту мәселелеріне арналды.

Владимир Школьник Ұлыбритания мен Қазақстанның ядролық индустриясы сарапшыларын атом энергетикасы нысандары қауіпсіздігінің стандарттары мен өлшемдері бойынша Қазатомөнеркәсіптің ұстанымымен таныстырды. Сонымен қатар, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы атом энергетикасы саласындағы ғаламдық тәуекелдерді басқару механизмдері туралы баяндама жасады.

Атап айтқанда, Владимир Школьник атом өнеркәсібіндегі үлкен апаттарға қысқаша талдау жасай келе АЭС қауіпсіздігіне қатысты сыни көзқарастарды сөзбен ғана емес, іспен де нығайту қажеттігіне тоқталды.

«Өткеннің тәжірибесі көрсеткеніндей, терең талдау жасай отырып дер кезінде орнатылған, салыстырмалы түрде арзандау жетілдірулермен бұл апаттардың барлығын болдырмау да мүмкін еді. Осындай пайымдаулар ауыр апаттардың алдын алу және егер олар бола қалған жағдайда зардаптарын шектеу үшін әлі де көп нәрсе істеу керек деген қорытынды жасауға жетелейді», - деді Владимир Школьник.

Қазатомөнеркәсіп басшысы сондай-ақ, ядролық қаруды таратпау режимі мен әлемдік атом энергетикасының ядролық қауіпсіздігін нығайтудағы Қазақстанның жетекші рөлін және мұндағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке үлесін айрықша атап көрсетті.

Владимир Школьник өз сөзінде жиналғандар назарын табиғи уран өндіру мен оны қайта өңдеуден бастап АЭС-тың пайдаланылған ядролық отынымен мәміле жасауға дейінгі ядролық отын циклының барлық сатыларында атом энергиясын қолдану кезіндегі ғаламдық тәуекелдерді басқаруды жүзеге асырудың айрықша маңыздылығына аударды.

Кавендиша зертханасы – Кембридж университетінің физика факультеті және физикалық ғылымдар мектебінің бір бөлігі. Ол 1874 жылы әлемдегі алғашқы оқу-ғылыми зертханасы ретінде құрылып, мұнда студенттердің оқып, білім алуымен қатар университет қызметкерлерімен бірге зерттеулер жүргізуіне толық мүмкіндіктер жасалған. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде зертхана ядролық қарумен байланысты жобалар бойынша зерттеулермен шұғылданған.

Кембридж университеті (University of Cambridge) – Ұлыбритания мен Ирландиядағы ең көне университеттің бірі, әлемдегі мейлінше танымал жоғары оқу орындарының бірегейі, элиталық Рассел тобының мүшесі. Қазіргі кезде Кембридж университетінде 31 колледж бар. Кембридждегі 100-ден астам бөлімше, факультет және мектептердің жұмысын Бас басқару органы үйлестіріп отырады. Бүгінде мұнда 18 мың студент тәлім алуда, олардың 17 пайызы шетелдіктер. Кембридж университетімен қандай да бір байланыста болған адамдар арасынан 88 Нобель сыйлығының лауреаты шыққан – бұл көрсеткіш жөнінен университет дүние жүзіндегі жоғары оқу орындары арасында алғашқы орындарда тұр.

Финансовый информационный портал Казахстана