31.10.2011
АЭС құрылысы туралы шешім қабылдау үшін Қазақстан біраз зерттеулер жүргізді – Томас Кошы (БЕЙНЕ)

АЭС құрылысы туралы шешім қабылдау үшін Қазақстан біраз зерттеулер жүргізді – Томас Кошы

 

МАГАТЭ Атом энергетикасы департаментінің атом энергетикасы технологияларын дамыту бөлімінің басшысы Томас Кошы Pm.kz сайтына берген арнайы сұхбатында Қазақстанның атом энергетикасын дамыту туралы бастамасын МАГАТЭ-нің қолдап отырғанын жеткізді.

«Қазақстан МАГАТЭ мүшесі болып табылады, ұйымның барлық мүшелері МАГАТЭ-нің мол тәжірибесін, ең алдымен АЭС құрылысына қатысты тәжірибесін пайдалану басымдығына ие»,- деді Томас Кошы Kazenergy VI Еуразиялық форумының аясында берген сұхбатында.

«Қоршаған орта үшін оңтайлы шешім қабылдау үшін сіздер басқа да энергия ресурстарын, экономика жағдайын, жобаның өзін ақтау мерзімін, энергия құнын ескере отырып, басқа да мүмкіндіктерді қарастыруларыңыз керек, ал біз осы барлық аспектілерді зерделеуге және атом энергиясы бойынша шешім қабылдауға көмектесеміз», - деп мәлім етті Томас Кошы.

Томас Кошы сондай-ақ, АЭС құрылысы туралы шешім қабылдау үшін Қазақстанның біраз зерттеулер жүргізгенін атап көрсетті.

«Сіздер бұл мәселе бойынша біраз зерттеулер жүргіздіңіздер және барлық фактілерді ескере отырып, шешім қабылдадыңыздар, ал біз істі қалай бастау туралы өз кеңесімізді береміз»,- деді МАГАТЭ Атом энергетикасы департаментінің атом энергетикасы технологияларын дамыту бөлімінің басшысы Томас Кошы.

Pm.kz