28.10.2011
ШҚО әкімі «Жоғары технологиялар аймағында» болып қайтты

ШҚО әкімі «Жоғары технологиялар аймағында» болып қайтты

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Жоғары технологиялар аймағына енген» Өскеменнің бірнеше нысандарында жұмыс сапарымен болып қайтты.

ШҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысының тапсырысымен Өскеменде «Жоғары технологиялар аймағы» жобалары құрылып, іске қосыла бастады. Олардың қатарына Металлургия орталығы мен Тау-кен байыту жабдықтарының конструкторлық бюросын жатқызуға болады.

Жобаларды іске асыру арқылы металлдарды концентратқа (мыс, қорғасын, мырыш) айналдыру көлемін 10-15%-ға ұлғайту және қосымша өнім алу, сонымен қатар өңдеу жұмыстарына қиын байытылатын және кешенді кен жыныстарын тарту жоспарланған.

Финансовый информационный портал Казахстана