26.10.2011
ЕАДБ Қазақстанда алтын өндіру үшін 100 млн долларға тарта қаржы бөледі

ЕАДБ Қазақстанда алтын өндіру үшін 100 млн долларға тарта қаржы бөледі

Еуразиялық даму банкі  (ЕАБР)  Қазақстанда алтын өндіру үшін   «Алтыналмас» акционерлік компаниясы» АҚ инвестициялық жобасын қаржыландыруға кірісті,  деп хабарлайды банкінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша,  кредиттік келісім шарт  2011 жылдың басында жасалған. Жобаны жүзеге асыру үшін қаржының көптеген бөлігі қазірдің өзінде аударылып отыр.  Жобаның жалпы құны   150 млн АҚШ долларына тарта  ақша көлемін құрайды. ЕАДБ жоба ауқымында  100 мың АҚШ доллары көлемінде ұзақ мерзімді кредит беруге дайын.   

«Банк құралдары алтын қазу фабрикасы мен инфрақұрылымды қайта құру мен жаңартуға және тау-кен техникалары мен озық технологияларды сатып алуға жұмсалады. Бұл жобаны жүзеге асыру ғаламдық тұрақсыздық кезінде Қазақстан экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызы зор», - дейді Еуразия даму банкі Басқарма төрағасының орынбасары Қамбар Шалғымбаев. Оның айтуынша, халықаралық қаржы институтының инвестициясы жылына 1,4 миллион тоннаға жуық алтын кенін өндіру мен өңдеуге дейінгі тау-кен металлургиясы кешенін құруға мүмкіндік береді. Бұл жоба Жамбыл облысындағы Ақбақай алтын кенішінде жүзеге асырылуда. Қазақстандағы ең ірі алтын кеніштерінің бірі саналатын бұл кен орнындағы өндіріс өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалына да өз ықпалын тигізбек.

Финансовый информационный портал Казахстана