05.10.2011
Қазақстанда атом энергиясын өндіруге және оны пайдалануға қажетті барлық мүмкіндіктер бар - К. Мәсімов

Қазақстанда атом энергиясын өндіруге және оны пайдалануға қажетті барлық мүмкіндіктер бар - К. Мәсімов

Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Астанада өтіп жатқан VI KAZENERGI Еуразиялық форумында Қазақстанның жаңа атом энергетикасын дамыту бағытында алғашқы қадамдар жасағандығын атап көрсетті.

Елімізде маусым айында энергетикалық даму жөніндегі бағдарлама қабылданды. Ол Қазақстанда алғашқы атом электр стансасын салу мәселесін қарастырады. «Жапонияның Фукусима атом электр стансасындағы қайғылы оқиғалар бізге осы секторды дамытуға қажетті жаңа жағдай жөнінде ойлануға әсер етіп отыр. Соған қарамастан біз Қазақстанда аталмыш энергия секторын дамыту үшін барлық жағдайлар бар деген пікірдеміз. Сонымен қатар Фукусимадан алынған сабақ атом энергиясын пайдаланудағы қауіпсіздік мәселесінде басты назарда болу керек деген ойдамыз. Қорыта келгенде, Қазақстанда атом энергиясын өндіруге және оны пайдалануға, сондай-ақ энергияны тасымалдауға деген барлық мүмкіндіктер бар»,-деді Үкімет басшысы.

Казинформ