04.10.2011
Қазақстанда 2011 жылдың ІІ жартыжылдығында Индустрияландыру картасы аясында 129 жобасы іске қосылады

Қазақстанда 2011 жылдың ІІ жартыжылдығында Индустрияландыру картасы аясында 129 жобасы іске қосылады

Қазақстан 9 желтоқсанда  еліміздің Тәуелсіздік  жылдарындағы  өнеркәсіптік   жетістіктеріне арналған   Индустрияландыру күнін алғаш рет атап өтеді.  Индустрияландыру картасының аясында 2011  жылдың ІІ жартыжылдығында   600 миллиард теңгеден астам соманың 129 жобасы іске қосылады, деп хабарлайды ҚР  Премьер-министрінің сайты.

Қазіргі таңда   Индустрияландыру күнін   атап өтуге  қызу  дайындық   жүріп жатыр.   Мерекелік іс-шараны   2011   жылы 9 желтоқсанда   Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде өткізу  жоспарлануда.   Телекөпір өткізіліп,  оның барысында   әрбір өңірмен және    маңызды нысандармен  тікелей байланыс  орнатылады,   ҚР Президентінің   «Алтын сапа»  және  «Парыз» бизнестік әлеуметтік жауапкершілігі   сыйлықтарымен марапаттау  рәсімі  болады.

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің  ақпараты бойынша,  2011 жылдың ІІ жартыжылдығында  600 миллиард теңгеден астам соманың  129  жобасы іске қосылады.  Қазіргі  таңда  6 жоба іске қосылған,  қалғандары  алдағы 3  айдың ішінде   пайдалануға беріледі.    Индустрияландыру картасын өзектендіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты тиісті Үкімет қаулысы әзірленуде. Атап айтқанда, бұл бағытта барлығы 170 жоба келіп түсті. Осының ішіндегі жобалардан штабта 70-і мақұлданды .

Экономиканы  жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның бүгінгі отырысында атап  көрсетілгендей,  Тәуелсіздіктің  20  жылдығына  орай   темір жол құрылысы бағыты бойынша екі жоба -  «Жетіген-Қорғас» және «Өзен-Түрікменстан» шекарасы теміржолдары  пайдалануға беріледі.  Оған қоса,  жолаушылар вагонын шығаратын зауыт та іске қосылмақ.  Сонымен қатар  қазіргі  уақытта Мойнақ  ГЭС-ның құрылысы  бойынша жұмыстар аяқталып  келеді.   2011   жылы  «ҚазАгро» Ұлттық    басқару холдингі»  АҚ  13 жобаны  іске қосуды жоспарлауда,  оның    үшеуі -  І жартыжылдықта    іске қосылған,  қалған 10 жоба    ІІ  жартыжылдықта  іске қосылады.

Осылайша,  Индустрияландыру картасыyың аясында ағымдағы жылы  204 индустриялық  жоба  жүзеге асырылуда,  оның  129-ы – ІІ жартыжылдықта   іске қосылады.

«Қараша айында   индустрияландыру мәселелері бойынша  біз  тағы   бір отырыс өткіземіз.  Барлық облыс әкімдері,  компаниялар  мен министрліктердің  басшылары бүгін  сөз болған мәселелердің  барлығын   аяқтаулары керек.  Олар өте маңызды  жобалар», -  деп атап көрсетті Премьер-Министр Кәрім Мәсімов.  

Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның  бүгінгі отырысында   сондай-ақ, Қазақстан  Республикасының  шикізаттың емес секторына   инвестициялар тарту жөніндегі  ұлттық жоспар  таныстырылды.   ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Әсет Исекешевтің айтуынша,   шетелдік  инвесторларды    қолдаудың қосымша  шараларын   қарастыратын   арнайы режим енгізу керек.

«Арнайы  режим  стратегиялық инвестициялық жобалар  үшін  қолданылатын болады,  жеңілдіктердің тізбесі  әр жоба  бойынша   жеке  анықталады.   Стратегиялық   жобалардың тізімі  Үкімет қаулысымен  бекітіледі»,  - деді Ә.Исекешев.

Премьер-Министр Кәрім Мәсімов   бұл жобаны    жетілдіру  туралы тапсырма берді.    Экономиканың шикізатты емес секторына инвестициялар тарту  жөніндегі ұлттық жоспар   бекіту  үшін  ҚР Үкіметінің қарауына  ұсынылады.

Финансовый информационный портал Казахстана