21.09.2011
Қазақстанда ҮИИД шеңберінде 617 миллиард теңгеге 129 жоба іске қосылады

Қазақстанда ҮИИД шеңберінде 617 миллиард теңгеге 129 жоба іске қосылады

Қазақстанда Үдемелі индустриальдық инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 617 миллиард теңгеге 129 жоба іске қосылады. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП парламенттік фракциясының отырысында ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов мәлімдеді.

«Ағымдағы жылы құны 617 миллиард теңге болатын тағы 129 жобаны іске қосу жоспарлануда. Кәсіпорындардың технологиялық инновацияларға кеткен шығыны  2 еседен астам артып, 219 миллиард теңгеге жетті», - деді К.Мәсімов.

Министрлер кабинетінің басшысы ағымдағы жылдың ішінде ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу қорытындылары туралы баяндады.

«2011 жылдың І жартыжылдығының аяғына қарай құны 914 миллиард теңге болатын 227 жоба пайдалануға берілд. 29 мың тұрақты жұмыс орны ашылды, 100 миллиард теңгеден астам қаражатқа өнім өндірілді», - деп хабарлады К.Мәсімов.

BNews.kz